ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

133

Сайрам ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығының” мамандары Манкент ауылдық округіндегі

Ибрагим ата атындағы жалпы орта мектепте жастармен кездесіп, жастар саясатын түсіндерді.

Атап айтқанда, А.Кунакбаева жастарға білім алуға, оларды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайында айтып өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында “Жастар ресурстық орталығының” Сайрам аудандық емханасының нарколог, психолог және гинеколог мамандары және Сайрам АПБ ЖПҚБ ЮПТ нің инспекторы Ш.Сайпов мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, тренинг өткізді.

Сондай-ақ, оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Қадыржан Нұрбол сөз сөйледі.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.