АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

55

Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Мәдениет үйі» КММ бойынша кешенді шаралар атқарылды. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Мәдениет үйі» КММ жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес және жоспардан тыс жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді. Жалпы мекеме құрамында 11 клуб, 4 мәдениет үйінде 52 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс атқарады. Өткен жылы Сауран ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында ағымдағы жылы 612 мәдени іс шаралар ұйымдастырып 46302 көрермен тартты. Әсіресе, 2022 жылы жасалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген ғимараттар көркейе түсті. Шорнақ ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржы — 43 миллион 356300 теңге. Күрделі жөндеудің сметалық құжаттарын дайындауға кеткен қаржыға тоқталатын болсақ, Ескі Иқан мәдениет үйінің күрделі жөндеу сметалық құжатын дайындауға кеткен қаржының көлемі — 11218078,37 теңгені құрайды. Қарашық мәдениет үйінің күрделі жөндеу сметалық құжатын дайындауға кеткен қаржы — 11151304,42 теңге болды.

Сауран ауданында тұрғызылып жатқан мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ғимараттарға мүгедек жандарға арналған пандустар мен әжетханалар орнату жұмыстары да жүйеленді. Мәселен, өткен жылы жасалынған мүгедектік әжетханасы, пандус қаржысы Ораңғай клубына бөлінетін қаржы – 4125669 теңгені құрады. Шорнақ клубына – 2 686 880 теңге, Жаңа Иқанда – 4174553теңге бөлінді.