
Тазалық жұмыстарына арнайы техника да тартылып, 16 ауыр жүк көлігі қоқыс жинау және шығару жұмыстарына белсенді атсалысты. Сенбілік барысында жол бойындағы қоқыстар тазартылып, ағаш бұталары қырқылды, жасыл желекке күтім жасалып, аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар, жаяу жүргінші жолдары мен аялдамалар маңындағы қоқыстар жиналып, көше бойындағы шаң мен жапырақтар тазартылды.