ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АУДАННЫҢ АЛҒА ЖЫЛЖУЫНЫҢ КЕПІЛДІГІ  ЖӘНЕ СЫРЫ ТЕРЕҢ САУРАН АУДАНЫ СЕРПІНДІ ДАМУ ЖОЛЫНДА

120

«Алатау» медиа орталығында Сауран ауданы әкімдігінің брифингі өтті. Жиында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2022 жыл және 2023 жылдың І тоқсан қорытындысымен бөлісті. Тарихы терең Сауранның өз алдына аудан болғанына жуырда ғана 2 жыл толған еді. Әкімнің есебінде өткен жылғы жеткен жетістіктер мен жеңістерді саралап, биылғы жоспарлар таныстырылды.

Аудан әкімі брифингке келген БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, олардың көтерген мәселелері бойынша жұмыстардың жүргізілетіндігін мәлімдеді. Ендеше, оқырман назарына Ғалымжан Қарабайұлының баяндамасын ұсынамыз.

Сауран ауданында 100 мыңнан астам халық тұрады, аудан аумағы 721,7 мың гектарды құрайды. Құрамына 12 ауылдық округі, 36 елді мекен кіреді. Жалпы халықтың 43,4 мың адамы жұмысқа жарамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 41,2 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады.

ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТТЕ ӨСІМ БАР

2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджет кірісінің жоспары 1 миллиард 316,5 миллион теңге болса, нақты 1 миллиард 636,1 миллион теңге түсіп, жоспар 124,3%-ға орындалған.

Бюджеттің шығыс бөлігі жоспарындағы 7 миллиард 598,1 миллион теңгенің 99,9%-ы игерілді, 5,3 миллион теңгесі игерілмеген.

2023 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 9 миллиард 135,2 миллион теңге құрады, оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 миллиард 133,5 миллион теңге көлемінде бекітілді.

Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 2023 жылдың 3 айының қорытындысымен 583,5 миллион теңгені құрап, жоспар 145,0%-ға немесе 181,0 миллион теңгеге артығымен орындалған.

Бюджеттің шығыстар бөлігінде 3 айға жоспарланған 1 миллиард 511,4 миллион теңге 99,9 пайызға игерілді.

2022 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 101,0 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 112,2%-ға өскен. Оның ішінде салалар бойынша атап өтсек:

Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 7 орта және 26 шағын кәсіпорындар есебінде. 2022 жылдың қорытындысымен кәсіпорындар – 8 миллиард 072,3 миллион теңгенің өнімін өндірген.

2023 жылдың І-тоқсанында 1 миллиард 843,8 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,1%-ды құрады. Ал, ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы жалпы өнім көлемі 87 миллиард 044,7 миллион теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,7%-ға жеткен.

2023 жылдың І-тоқсанында жалпы өнім көлемі 6 миллиард 304,8 миллион теңгені құраған, нақты көлем индексі 104,1%.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы «Ауыл — аманаты» пилоттық жобасына аудан бойынша 4 ауылдық округі енгізілді.

Атап айтқанда:

Қарашық ауылдық округінде 3 кооператив отбасылық сүт фермасын және отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлап отыр.

Оранғай ауылдық округінде 2 кооператив мал бордақылау алаңдарын ашу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын таңдаған.

Майдантал ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлауда.

Ескі Иқан ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермасын ашуды жоспарлауда.

 

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АУДАННЫҢ АЛҒА ЖЫЛЖУЫНЫҢ КЕПІЛДІГІ

 

Негізгі капиталға тартылған инвести-ция көлемі 2022 жылы 25 миллиард 985,7 миллион теңгені құрады. Ал, 2023 жылдың І-тоқсанында 6 миллиард 428,9 миллион теңге инвестиция тартылған.

Негізінен, ағымдағы жылы жалпы құны 13 миллиард 129,0 миллион теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті бюджетке қосымша 106,4 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек:

— «Балмұздақ» ЖШС-ның – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы. Инвестициялық құны 2 миллиард 562 миллион теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 36,8 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Ныш Ер» ЖШС-ның — Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы. Инвестициялық құны 2 миллиард 200 миллион теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 21,3 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның — Шаға ауылдық округінен жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасы. Инвестициялық құны 578 миллион теңге, 30 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 3,7 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның — Балық шаруашылығын дамыту жобасы. Инвестициялық құны 600 миллион теңге, 12 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 1,8 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Sauran Plast» ЖК-ның — Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы. Инвестициялық құны 675 миллион теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «AgroFoodTrade» ЖШС-ның — Мақта майын өндіру цехы жобасы. Инвестициялық құны 500 миллион теңге, 10 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда.

 

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ

КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

 

2022 жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстары 4 миллиард 270,0 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 124,3%-ға артқан. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 30 мың 124 шаршы метрді құрап, өсім 143,6% болды.

2023 жылдың І-тоқсанында құрылыс жұмыстары 301,6 миллион теңгені құрады, нақты көлем индексі 146,2%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 8 мың 014 шаршы метрді құрап, өсім 123,4% болды.

 

ОРТА ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ КӨП

 

Өткен жылдың қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 1 миллиард 179,7 миллион теңгені құраған, мұндағы өсім 101,2%. Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 313 бірлік, белсенді субъектілерінің саны 5 258 бірлік немесе 99,0%.

Бүгінгі таңға ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6 062-ге жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 6 010 немесе 99,1 пайызы.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

 

2022 жылы 810 отбасының 4 мың 904 адамына 316,4 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әлеуметтік көмек алушылар ішінде еңбекке жарамды 1 мың 462 адамы жұмыспен қамту шараларына тартылды.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен 38 отбасына 4,3 миллион теңгеге материалдық-қаржылай көмектер көрсетілді. Оның ішінде: 8 адам тұрақты, 8 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

2023 жылдың 3 айында 502 отбасының 3 126 адамына 96,6 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында жыл басынан 32 отбасына материалдық көмектер көрсетілді. Оның ішінде 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

2022 жылы аудандағы зейнеткерлердің денсаулығын сауықтыру мақсатында 338 жолдама берілген болса, 2023 жылға 485 азаматты санаторлық-курорттық жолдамамен қамту жоспарланған. 3 айдың қорытындысымен 87 зейнеткерге жолдама берілді.

Сонымен қатар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы құрылды. Орталықта 7 бағыт бойынша қызметтер ұйымдастырылды, күнделікті 50-60 адамға әлеуметтік қызмет қөрсетілуде.

 

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ АШЫЛМАҚ

 

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында, 2023 жылы Сауран ауданы бойынша 5 990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

«Ұлттық жоба» аясында 2023 жылдың 3 айында 3 940 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 2 303 азамат әлеуметтік шаралармен қамтылған.

Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау шаралары негізінде:

Әлеуметтік жұмыс орнына – 262, жастар практикасына – 85, қоғамдық жұмыстарға – 862, алғашқы жұмыс орындарына – 14 азамат тартылса, күміс жас жобасы бойынша – 84 тұрғын қамтылды. Мемлекеттік грант – 1-ші лектің қорытындысына сәйкес 20 адамға берілді. «Бастау бизнес» жобасы аясында 495 азамат оқытылып, сонымен қатар, бағдарламалар бойынша 91 мүмкіншілігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ

 

Аудан бойынша 1 аудандық емхана, 1 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 дәрігерлік емхана (ВА), 13 фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 медициналық бекеттер және 4 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасайды.

2022 жылы өлі туылған балалар саны 20 болса, ана өлімі тіркелмеген.

Аудандық емхананың жаңа ғимараты құрылысына 8,9 гектар жер бөлініп, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаты әзірленуде.

Сонымен қатар, Шаға, Құшата, Жалаңтөс ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

 

АУДАНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ САЛА ӨЗ ШЕШІМІН

ТАУЫП КЕЛЕДІ

Қазіргі таңда, Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды. Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға 229,9 миллион теңге қаржы бөлінсе, 3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда. Сонымен қатар, 2022 жылы 4 елді мекенге су мұнарасы орнатылып, 3 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде.

Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады.

Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандар құрылысының 2-кезеңіне жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда:

— Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері.

Электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі де бір жүйеге қойылған. Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареяларынан қуат алуда. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, 2022 жылы 13 дана трансформатор орнатылды, 2023 жылы 37 дана орнатылады.

Сонымен қатар, елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Аудандағы табиғи газ мәселесін шешу жолдары қарастырылып, 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. 2023 жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады. Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленді. Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын шілде айында алу жоспарлануда.

 

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНДА ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ЖЕТЕРЛІК

 

Жалпы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар. Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның 308,3 шақырымы асфальтталған болса, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар. Облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, «Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілді. Ағымдағы жылы бағдарламасы аясында 11,2 шақырым жол жөнделеді.

2022 жылы аудандық бюджет есебінен 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері, Шорнақ елді мекенінде 2 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылды. Ағымдағы жылы 1 дана бағдаршам, 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері орнатылады.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Бұдан бөлек, 2023 жылы 1 дана бағдаршам, 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері орнатылады.

Сондай-ақ 58,3 шақырым жолдарды жөндеге жобалық сметалық құжаттар әзірленеді.

Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан – Шорнақ» және «Түркістан — Ескі Иқан» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған.

2023 жылы ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға жұмыстар жүргізілуде.

 

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ

 

Аудан әкімдігі өткізген брифингтегі ең басты мәселелердің бірі жайылымдық жер мәселесі. Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектар. 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған. 2023 жылға жоспар 29,5 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетінін айтты Ғалымжан Қарабайұлы.

 

ҚҰРЫЛЫСЫ КҮШЕЙГЕН — САУРАН

 

Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде, тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспармен және оңтайландырылған жобалармен қамтылған. Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде. Сонымен қатар, Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы нысанды тапсыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Бабайқорған елді мекенінде «Клуб және кітапхана» құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылыпты. Аудандық бюджет есебінен Шорнақ, Иассы, Үшқайық, Шаға ауыл округтерінде ветеринарлық бекеттің құрылысына, Үшқайық және Жаңа Иқан ауыл округтерінен «Спорт зал» құрылысына, Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ

БАСТАМАЛАР

Білімді жастар – ауданның болашағы. Сондықтан, жаңарған Сауранда да бұл салаға ерекше мән беріліп келеді. Жалпы, Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 48 күндізгі мектеп жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 719 баланы құрайды. Алдағы уақытта, Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл ауылынан 300 орындық мектеп құрылысы және Оранғай ауыл округінде 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, нысандар 2023 жылы пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық қанатқақты жобасы аясында 5 мектептің құрылысы жоспарланған. Олар: 2023 жылы Үшқайық ауыл округі, С.Қожанов ауылында 300 орындық мектеп, Иассы ауыл округі, Еңбекші Дихан ауылында 600 орындық мектеп және Шорнақ ауыл округі, Аша ауылында 900 орындық мектеп бой түземек. Ал, 2024 жылға Майдантал ауыл округі, Ынталы ауылында 900 орындық мектеп, Қарашық ауыл округі, Құмтүйін ауылында 900 орындық мектеп құрылысы жоспарланғанын да жасырмады аудан әкімі.

Ауданда 12 мектепте оқушылар тасымалы ұйымдастырылған. 2023 жылы барлық қауіпсіздік құралымен қамтамасыз етілген 5 арнайы автобус алынды.

Мектепке дейінгі 48 бала бақша, 5 мың 198 баланы қамтып отыр.

 

СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ КЕЛТЕ ҚАЛМАЙДЫ

 

Ауданда 41 спорт нысандары бар. Жалпы ауданда бұқаралық спорттық іс-шаралармен 39,9 мың адам қамтылды. Қазіргі таңда ауданның жастары Кентау және Түркістан қалаларында спортпен шұғылдануда. Осыған байланысты ауданда 2 спорт мектебін ашу бойынша жұмыстар жүруде. Шорнақ елді мекенінде «Спорт кешені» құрылысына, Ибата және Теке елді мекендеріне спорт зал құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, ауданда 4 мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб және 29 кітапхана қызмет көрсетеді. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. Қарашық ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға өтінім жолданды. Сондай-ақ, Шорнақ елді мекенінде «500 орындық мәдениет үйі» құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді Ғалымжан Үсенбаев.