КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ
Жәрмеңкеге Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы-на қарасты Ескі Иқан ауылындағы көпсалалы колледждің студенттері жеміс-жидек майдалайтын, минерал сепкіш чизель культиваторын қолдан жасапты. Өндіріс шебері, ұстаз Аринжан Толибаевтың айтуынша, егер диқандар тарапынан сұраныс болса, едәуір үлкен етіп құрастыруға да мүмкіндіктері бар екен. Бұл техникалар 220 вольттық қуат көзін пайдаланады.
Ескі Иқан көпсалалы колледжінің директоры Серік Жумадиллаевтың айтуынша қазіргі таңда оқу орнында 457 шәкірт дәріс алуда. Мұғалімдер саны 52. Нарықтағы қат жеті мамандыққа шәкірттер тәрбиелейді. Оның ішінде дәнекерлеу ісі, тамақтандыруды ұйымдастыру, тігінші және киімді үлгілеу, ауыл шаруашылығын механикаландыру, автотехникалық қызмет көрсету, ғимараттарды салу–әрлеуші, ағаш ұстасы, электрик және жабдықтау мамандығы бойынша әзірленеді. Колледж студенттері аудандағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарда ғана емес «Ныш ЕР» құрылыс компаниясымен де келісім негізінде әлеуметтік серіктестік орнатып, өндірістік тәжірибеден өткізіледі.
— Сонымен қатар көпсалалы колледж жанынан жылыжайда бау-бақша, жеміс өсіреміз. Арнайы жабдықталған тамақтануды ұйым-дастыру мақсатындағы асханамыз, тігін цехтарымыз жұмыс істейді. Жақында тағы да үш соттық жер алып, жылыжайда сапалы жүзім шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз-дің көпсалалы колледжімізді бітір-ген мамандардың бір жақсысы, еш-қашан да жұмыссыз қалмайды. Кө-біне кәсіби өндірістік тәжірибеден өткен кәсіпорындардың өздері қалап, алып кетеді. Өздерінің бизне-сін ашып жатқандары да бар. Қазіргі кезде жастарға зор мүмкіндіктер жасалып отыр. Аудандық кәсіпкерлікті дамыту және туризм бөлімімен тығыз жұмыс жасаймыз,-дейді Ескі Иқан көпсалалы колледж директоры Серік Жумадиллаев.
Бетті әзірлеген:
Тубегі ӘЛЖАНҰЛЫ.