ТҮРКІСТАНДА ДӘСТҮРЛІ “ШАҢЫРАҚ” БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

573

Бүгін елдің бірлігін насихаттау мақсатында және Балалар жылына орай ұйымдастырған «Шаңырақ» байқауы мәресіне жетті.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастарғын байқаудың мақсаты – әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы қоғамдық келісім мен бірлікті, Қазақстан халқының ынтымағы мен татулығын насихаттауға, оны дамытуға үлес қосу.
«Алатау медиа орталығы» ғимаратында өткен жиынды ашқан Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы биылғы байқауда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған шығармалар жарық көргенін айтты.
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистермен мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек байқаудың маңызына тоқталды.
Қазылар алқасының мүшесі, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Бекжігіт Сердәлі байқаудың жыл сайын қанатын кеңге жайып, еліміздегі татулық пен бірлікті насихаттауда өзіндік орынға ие болғандығын атап өтті.
Биылғы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының ынталандыру сыйлығын Алима Пашанова мен Шолпан Дүтбаева иеленді.
Жүлделі ІІІ-орынды Несіпкүл Өтебаева, ІІ-орынды Несібелі Иманқұлова иеленсе, байқаудың І-орыны Лаззат Сарыбаеваға бұйырды. Жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жиын соңында байқауға қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдіріп, елімізде татулық пен бірлікті әлеуметтік желілерде насихаттаудың маңыздылығын айтты.
Жиын соңында Элмира Ұласбекқызы «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанынан құрылған «Журналистер және блогерлер» клубының мүшелері және осы байқаудың қазылар алқасының мүшелерін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлының Алғыс хатын табыстады.

Тельман Бейсен