ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ.

224

Шаһар басшысына қала аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша айтылған ескертулердің орындалуы баяндалды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері сектор тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің негізінде берілген 204 тапсырманың жүзеге асуы сараланды.

Сондай-ақ, топырақ жолдардың мәселесін түбегейлі шешу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы есеп берді.

Нұрбол Әбдісаттарұлы тапсырмалардың заң аясында мерзімінде орындалуын қамтамасыз ете алмаған басшыларға шара көрілетінін ескертті.