ГҮЛДЕНЕ БЕР, ТҮРКІСТАНЫМ!

373

Туған жерім Түркістанның бүгінгі келбеті сондай ерекше. Күн санап көркейіп, әлемнің әр түкпірінен турист қызығарлық қалаға айналып келеді. Шаһардың киелі әрі қасиетті екені ежелден-ақ күллі түркі жұртына мәлім.

Қаланың әр бөлігінде қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде гүлдердің жайнап тұрғаны көңіл қуантады. Қаншама еңбек, тер төккен жұмысшы рөлін атап өту керек. Оңай дүние емес.

Әлеуметтік желіде Бейсенкуль әпке мен Gauhar әпке бастаған, Гүлзат -дай арулар қостаған #гүл эстафетасының басталғанына да біраз күн өтті. Денсаулыққа байланысты бар суретті дер кезінде жариялай алмадым.

Аталмын гүл жазбаны әрі қарай жалғау үшін достығымдағы гүлдей жайнаған, көктемдей құлпырған барша аруларға жолдаймын. Гүлмен түскен сурет бізге артық етпейді. Лентамызға әдемілік керек-ақ.