БҮГІНГІ СЕНБІЛІКТЕ 9000 АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

77

Ауданының орталығы мен барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тал көшеттері отырғызылды. Аудан әкімінің тапсырмасымен 2023 жылғы күз айында ауылдық округтерде ағаш егу жұмыстары жүргізіл, жаппай сенбілік болып өтті. Оған мекеме, ұйым қызметкерлері мен тұрғындар қатысып, жалпы 9020 түп көшет отырғызылды.

Көгалдандыру негізінен, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Майдантал, Жібек жолы, Шорнақ, Үшқайық ауылдық округтерінде қарағаш ағаш түрін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Қарағаш – суыққа төзімді, климаттық жағдайда өңірге бейімді болғандықтан көгалдандыру мақсатында жол жиектері мен көше бойларына егілді.

Сенбілік жұмыстарына 200 белсенді жұмылдырылып, 2 техника қосымша көмек көрсетті. Айта кетейік, алдағы уақыттада аудан бойынша күзгі маусымда көшеттер отырғызу жоспарланған.