БАБАЙҚОРҒАНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

96

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдағы бұқаралық-көпшілік спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «Элит Инвест-Б» ЖШС жүргізіп жатыр. Екі жылдан бері құрылыс жұмыстары тоқтап қалған спорт кешенінің құрылысы қайта басталды.

Спорт кешенінің ішкі жұмыстары толық аяқталған. Сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров есепті кездесуден кейін кешеннің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Құрылыстың жапсарын баяндаған жауапты мердігер кешенді жыл соңына дейін тапсыруға уәде берді. Аудан әкімі кешеннің ауласын абаттандыруды тиісті мекемеге тапсырды. Сонымен қатар, кешен ауласынан заман талабына сай футбол алаңы салынады.

Жоспар бойынша спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, еркін күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады, сәйкесінше секциялар ұйымдастырылады.