ЖҰМЫСШЫ ТОП АУЫЛДАРДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

147

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы, топ жетекшісі Қайрат Әлімбет бастаған ведомствоаралық топ мүшелері аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрбек Басқараев, Сауран АПБ ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторы Талғат Оңбаев, аудандық орталық емханасының психолог маманы Айнур Мусабекова және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Мұстафа Ишметов Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан және Шаға ауылдық округтерінде болып, кездесулер өткізді.

Жиналыстың күн тәртібінде жұмысшы топ өкілдері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу және халықтың билік органдарына сенімін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін орнату және қалалар мен елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруда мемлекеттік саясатты толыққанды іске асырады.