БАБАЙҚОРҒАНДЫҚ ШАРУАЛАР: «ЕГІСТІККЕ КЕЛЕТІН ТАСАРЫҚТАР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ»

128

Ауылшаруашылығы бөлімінің бамшысы Сәкен Оразбаев бастаған жұмысшы топ Бабпйқорғандық бір топ шаруалармен кездесті. Аудан көлемінде ауылшаруалық саласында атқарылған жұмыстарды тізбектеген бөлім басшысы шаруалар уәжін тыңдап, оның шешілу жолдарын орайластырды. Сонымен қатар, 2024 жылғы Сауран ауданынан тағы 4 ауылдық округке «Ауыл аманаты» бойынша шаруаларға 2,5% пайыз жеілдетілген несие берілу жоспарлануда, сол себепті несие алу үшін кепілдікке қойылатын жылжымайтын мүліктеріңіздің құжаттарын қазірден бастап жаңарту жұмыстарын жүргізу керек. Ауылдық округтің дамуына, шаруалардың кәсібін дөңгелетуге бұл жоба өте тиімді екендігін атап өтті.

Жиында сөз алған ️«Шержан» шаруа қожалығының төрағасы Әлібек Құрбанов мемлекет тарапынан шаруаларға көктемгі егіс егуге берілетін пайызсыз несиені уақытылы берілсе, жер айдау, ұрық, тыңайтқыш алуға кететін шығындарымызға жұмсалатын еді деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар шаруа жеке банк өкілдерінен несие алу бізге тиімсіз екенін айтып өтті. Ауылға және егістік алқаптарына баратын су мөлшері шығынсыз бару үшін тас арықтар салу керек. Су көзі тас арықпен келген жағдайда шаруалар тамшылатып, жаңбырлатып суғару жүйлерін орнатуға мүмкіндік болатынын алға тартты шаруалар.

Жиында мұнан өзге шаруалар мемлекет тарапынан суармалы жерлерге құдық қазуға көмек берілсе, мал өлекселерін тастайтын орын қажеттігін көтерді. Шаруалар ұсынысын мұқият тыңдаған жұмысшы топ, айтылған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын қарайтынын жеткізді.