САУРАНДА КІШІ ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

39

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, «Рухани төрім – Түркістан» жобасы аясында аудан, қалалық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері арасында «СПОРТ — ӨМІР СЕРІГІ» атты кіші футболдан республикалық турнир басталды.

Жарыстың ашылуына Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, облыстық мәслихаттың депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

“Ауданға қарасты ауылдық округтер мен қатар, басқа да аудан, қалалардан көптеген командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетуде. Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан мұндай спорттық шаралардың жастар арасында бұқаралық спортты дамытуда берері көп. Еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп, Қазақстанның абыройын асқақтатуда Сауран ауданының спортшыларының де елеулі үлесі бар. Сондықтан бүгінгі спорттық шараға қатысқан барша командаларға сәттілік, тек мықтылардың жеңіс тұғырынан көруіне тілектестік білдіремін”, — деді Бақытжан Кеңесбекұлы.

Жарыстың негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту, жастар орталығының мамандары арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Сонымен қатар, республикалық кіші футбол жарысына жалпы 15 команда өзара бақ сынасуда.

Еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп, Қазақстанның абыройын асқақтатуда Сауран ауданының спортшыларының де елеулі үлесі бар. Сондықтан бүгінгі спорттық шараға қатысқан барша командаларға сәттілік тілеп, мықтылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіреміз.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі