ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

39

Аудандағы тазалық жұмыстарына жіті көңіл бөлінуде. Әсіресе полигондардың мәселесі қолға алынып, реттелуде. Түркістан қаласындағы әуежайына ұшақтардың қауіпсіз ұшып-қонуын ұйымдастыру мақсатында, Бершінтөбе елді мекенінде көп жылдар бойы қараусыз қалған полигон орнын тазалау жұмыстары басталды.

Тазалау жұмыстарына арнайы мекеме тарапынан 6 техника бөлініп, жыл соңына дейін тазалық жұмыстары аяқталады. Алдағы уақытта тазарту жұмыстарын 70 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Сауран ауданы тұрғындарына қоқыс үйінділерін рұхсат етілмеген жерлерге тастамай, арнайы қоқыс алаңына төгуді сұраймыз.