«ҚЫС-2023» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

109

Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен қысқа дайындық жұмыстары пысықталды. Аудан аумағында төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу мақсатында «Қыс-2023» оқу-жаттығу шарасы өткізілді.

Шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұртас Қасым қатысып, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдарының күштері мен құралдары және техникаларының даярлығы пысықталды.

Жиынға қатысқан тиісті сала мамандары аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша штаб құрамының қысқы маусымға даярлықтарын тексеріп, оқу-жаттығу шарасына оң бағасын берді. Жалпы, оқу-жаттығу шарасына 30 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

«Сауран-ақпарат».