ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ

63

Біз білім алатын «Мектеп Жана Икан» ЖШС жалпы орта білім беру мекемесі жұмыс бастаған күннен білім алушылардың білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі, әр тоқсан сайын үздік оқушылар үшін түрлі деңгейдегі саяхаттарды ұйымдастыруы деп айта аламын.

Жуырда 2023-2024 оқу жылының бірінші тоқсаны бойынша алдыңғы қатардан көрінген оқушыларды облыс орталығына саяхатқа алып барып, бір күндерін ұмытылмас сәттерге бөлеп тастады. Осылайша бірінші тоқсан үздіктері күзгі демалыс кезінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, «Керуен сарай» туристік кешеніндегі отбасылық ойын-сауық орталығында күліп-ойнап, Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында кітаптармен танысып, «Turan Mall» ойын-сауық орталығында кинотеатрға барып кино тамашалап, Түркістанның төрінде шаттыққа бөленді.

Бастауыш сынып мұғалімдері Назокат Бахрамова, Мехриназ Қошқарова, биология пәні мұғалімі Зарифжан Абдуллаев, ағылшын тілі пәні мұғалімі Шерзод Ташпулатов, химия пәні мұғалімі Икром Хашимов және мектебіміздің кітапханашысы Зинаида Ахметовалар бастап барып келген саяхат балалардың естерінде ұзақ уақыт сақталып қалары сөзсіз. Бобур Камалбеков та өз автобусымен балаларға қызмет етуден шаршаған емес.

Мақаламның соңында, осындай керемет сәтті сыйлаған мектеп басшылығына оқушылардың ізгі тілектерін, рахметтерін айтып жеткізгенді жөн санадым.

Дилшодабегим ИРИСБЕКОВА,

«Мектеп Жана Икан» ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінің 9 «Б» сынып оқушысы.