ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 32 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

60

Еңбекші ауданы көптеген жұмыс орындары бар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың орналасуымен ерекшеленеді. Ауданда әр түрлі дайын өнім шығаратын 32 ірі және орта кәсіпорын орналасқан. Солардың арасында мұнай өңдеу зауыты, цемент, құрылыс және кірпіш зауыттары, тоқыма, жиһаз өндірісін өндіретін және сыра және алкогольсіз сусындар шығаратын ірі кәсіпорындарды айтуға болады.
Шымкент қаласы бойынша өнеркәсіп өнімінің 60 пайызы Еңбекші ауданына тиесілі. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 27 419-ды құраса, оның 6506-сы шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар. Ал, 19 681 жеке кәсіпкер, 1232 шаруа немесе фермер қожалықтары. Биыл аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан.

Ауданда «Оңтүстік» және «Ордабасы» жекеменшік индустриялды аймағынан өзге 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриялдық аймағы қарқынды дамуда. Аталған аймақта 3152 жаңа жұмыс орындарын қамтитын 35 жоба жүзеге асырылмақ. Жоспарға сай биыл 6 жоба іске қосылып, 450-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ал, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы – үшінші мегаполистің жеңіл өнеркәсібінің дамуына ерекше әсерін тигізіп отыр. Шымкентте өндірілген жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 79,1 пайызы осы аймақтың үлесіне тиесілі. Бұл көрсеткіш миллионды қаланың еліміздегі ең тиімді арнайы экономикалық аймағына айналғанының айқын дәлелі.