АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ ӨСІП КЕЛЕДІ

276

Сауран ауданында 101 мың 770 халық тұрады. Облыс халқының 4,7%-н құрайды. Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалып отыр.

Салықтық түсімдердің өткен жылғы 11 айда нақты орындалуы 1,4 млрд. теңгені құраса, биыл 2,4 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейін 2,5 млрд. теңгені құрап, ағымдағы жылға қойылған жоспар 100%-ға орындалады.

11 айдың қорытындысымен ауданның жалпы өңірлік өнімі 110,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,8%-ға артып, жан басына шаққанда 1 млн. теңгені құрады.

Жалпы, өнімнің ішінде 86,3%-ы ауыл шаруашылығы, 9,2%-ы өнеркәсіп саласы, 3,2%-ы құрылыс саласы болса, 1,3%-ы сауда саласының үлесінде.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі