ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

92

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, қалалық көрме орталығында балаларға арналған Жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлы Мыңбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Нәжтайұлы мерекелік іс-шараға қатысқан бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 300-ге жуық балаға сыйлықтар табыстады.

Жаңа жылдық шырша мерекесінде Аяз ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері мен сайқымазақ көрінісі, би мен түрлі ойын сауықтар көрсетіліп, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.