ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

135

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен дербес бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің басын қосқан ономастика комиссиясының кеңейтілген жиыны өтті. Онда бірқатар нысандар мен көшелерге атау беру туралы ұсыныстар қаралды.

Кез келген нысанды немесе көшені қайта атау ономастика саласын реттейтін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жиын барысында Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова баяндама оқып, кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда ауданда ономастика саласындағы өзекті мәселелелер талқыланды. Өткен жылды қорытындылап, алдағы атқарылу керек жұмыстар пысықталды.

Жалпы, ауданда 12 ауылдық округ 34 елдімекен, 541 көше, 46 мектеп бар. 12 ауылдық округтің атауы тарихи жер-су атауларымен аталады. 34 елдімекеннің 29 тарихи атау, 5 тұлға есімдері. 510 көшенің 345 көшесі тұлға есімдері, 165 көшесі тарихи жер-су атауларымен аталады. 46 мектептің 27 мектеп тұлға есімдерімен, 14 мектеп атрихи жер-су атауларымен аталады. 2022 жылы 2 елдімекеннің статусын бекітіп, атауын беруге және 6 мектептің атауын қайта атау үшін облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс енгізілген.