ҚОНАЕВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ СОТТЫҢ ШЕШІМІНЕН КЕЙІН ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ

156

Қазір Қонаев даңғылының жалғасы мен даңғылдағы орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзіміне қатысты тұрғындардан сұрақтар жиі түсуде.

Былтырғы жылы Қонаев даңғылы Түркістан көшесінен Рысқұлов-Қонаев жол айрығына дейінгі жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары басталған болатын. Бұл құрылыс жол жамылғысын жаңартуға мүмкіндік беріп, көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Қазір аталған нысанда жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу конкурсы қатысушыларының сотқа талап-арыз беруіне байланысты уақытша тоқтатылған. Сот процестері аяқталғаннан кейін орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Таңбалау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан қабылдау-өткізу актісіне сәйкес қосымша хабарланады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұраймыз.