АУДАН КӨЛЕМІНДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, 40 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

255

Бүгін аудан көлемінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.

Аудан бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмысына — 170 адам қатысты. Нәтижесінде 40 тонна қоқыс шығарылып, оған 3 техника жұмылдырылды.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырамыз.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі