ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІ УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАЛУДА

88

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың Бадам, Бөржар ауыл округтерінде өткен есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан жасанды жол кедергелерін орнату бойынша өтініштер айтылған болатын.

Бүгінгі таңда аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері Бадам ауыл округіне қарасты Дербес, Орда, Бөржар ауыл округіндегі Жамбыл ауылы аумағындағы жол бойына кедергі орнату жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында авто көліктердің жылдамдығын анықтайтын «Сергек» бейне бақылау құрылғылары орнатылып, одан бөлек автожол бойында орналасқан мектеп, спорт алаңдарының тұсына жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта Қараспан ауылдық округіне қарасты Мақташы, Сарыарық ауылы, Қарақұм, Төрткүл ауылдық округтеріндегі білім беру мекемелерінің маңына жол кедергілері қойылатын болады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі