“ОРДАБАСЫДА НЕ БОП ЖАТЫР?..”

674

Білгің келсе, Ордабасы ауданына бар. Жәй әңгіме керек емес, жаңалықты көзбен көру керек! Әр аптаның сәрсенбісі “Домбыра күні” ретінде дәріптелуде. Ұлттық рухты ұлықтаған ордабасылықтарға мың рахмет! Бұл бастама өзге де аудандарда жалғасын тапса, қанеки! Қаржы шығындайтын шаруа емес, тек ықылас керек. Ордабасылықтарға бұл ой қайдан келді? Мәселе онда да емес… Ең бастысы елді қуантар жаңалық. Ұлттық намысты оятуда. Жас ұрпақты домбыра тартуға үйретуде. Жақсы идея! Идеяны айтқан адамға да, оны қолдап-қуаттап жүзеге асырған әкімге де мың Алғыс! Әкім мен ақынның ой тоғысынан туған тың бастама деп ой топшыладық. Бастама баянды болсын! Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен ақын-сазгер Ордабасы аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Құрмаш Жылқыбаев ағамыздың ұлттық идеясы қосылып, қос ішекті домбыраға құрмет жасауы көз қуантады. Ұрпақ тәрбиесіне ұлттық намыс, ұлттық рух сыйлайтын бұл үрдіс әр аймақта жарасымды жалғасын тауып жатса, қандай қуаныш, қандай бақыт!
ARA-ақпарат