БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

182

Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар жасалынуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидиялар беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Сауран аудандық шаруалар енді балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақ. Осы негізде аудандық кәсіпкерлер арнайы Шардара ауданында орналасқан «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне арнайы барды. Оқу орталығында 5 күн қатарынан балықты өсіру, қолдан ұрықтандыру әдістері үйретілмек. 2021 жылы ашылған өндіріс орны, бүгінгі таңда балық шаруашылығымен жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

Оқу орталығына Сауран ауданынан арнайы делегацияны аудан әкімінің кеңесшісі Бекзат Абубакиров бастап, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы мен 15 кәсіпкер қатысты. Онда нысанның директоры Рысмұрат Оразхан делегация құрамына оқу орталығын көрсетіп, оқу курсымен толық таныстырып өтті. Онда балық шаруашылығын дамыту саласы бойынша арнайы технологиялармен таныстырып, саланың барлық қажетті фунцияларын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі