ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫНДА САПАҒА БАСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ

53
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді.
Әуелі аудан басшысы ауылдың кіреберіс қақпасында қоршау жұмыстары мен заңсыз сауда нүктелерін ретке келтіру бойынша мердігер мекеме жауаптылары және ауыл әкіміне тапсырма берді.
Бүгінде Шұбарсу ауылында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңарту мақсатында ауқымды жобалар қолға алынған.
Аудан басшысы ауыз су құрылысы жобасының 3, 4, 5 кезеңінің “Көлсай”, “Дәнекер”құрылыс алаңында болып, мердігерлерге нысанды жоспарлы мерзімде аяқтап, ел игілігіне беруді міндеттеді.
Азат Әбдіғалиұлы округ аумағын аралау барысында сапасыз салынған балалар ойын алаңшасы, спорт алаңдарын сынға алып, құрылыс сапасына қатаң қадағалау жүргізу керектігін айтты.