САУРАН АУДАНЫНЫҢ «АҚ АЛТЫНЫ» ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

141

Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан жоба құны 787,86 млн. теңгені құрайтын «GOLDEN COTTON» мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауыты 2022 жылы іске қосылған. Зауыттың басшысы Ерлан Низамовтың айтуынша, зауыттың негізгі қызметі – мақта қабылдау және қайта өңдеу. 2022 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейін Сауран ауданының шитті мақтасын жинап, қайта өңдеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. Өткен жылы 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өңдеген. Мұнда 90 азамат жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «GOLDEN COTTON» ЖШС мақта қабылдау және қайта өндеу зауытының жұмысымен арнайы барып танысты.

Жалпы, Сауран ауданы бойынша 11666 гектар мақта егіліп, 36165 тонна өнім жиналды. Ауданда 6 бірлік мақта қабылдау нысаны бар. Оның ішінде 3 мақта қабылдау зауыты орналасқан.