ЖОБАЛАР ЖОСПАР БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАНДА ОҢ НӘТИЖЕ ШЫҒАДЫ

55

Аудан әкімі Азат Оралбаев әкім орынбасарлары мен салалық бөлімдерге жүктелген жұмыс жоспарының орындалу деңгейі бойынша жиналыс өткізді.

Кезекті отырыста аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен аудандық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары аудан аумағында қолға алынған сәулеттік жобалардың эскиздік жобасы, округтердегі инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жобасының жұмыс кестесі бойынша баяндады.

Жиын барысында аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған Темірлан ауылының қасбетін әрлеу бойынша көше қиылыстарында, канал жағалауында салынатын тұрғындарға ыңғайлы шағын демалыс орындары, Шұбарсу, Қайнар ауылдары туралы ақпарат беретін паспорт, Темірлан ауылының Түркістан бағытын жарықтандыру, баттандыру бойынша жобалар талқыланып, мақұлданған жұмыстар конкурсқа жариялау бойынша айтылды.

Сондай-ақ аудан басшысы Қараспан, Шұбарсу ауылдық округтерінде жүргізіліп жатқан табиғи газ, ауыз су құрылысының аяқталу мерзімінің жоспардан кешіккендігін сынға алып, жауапты мекеме басшыларына мердігерлерге талапты күшейтіп, құрылысты кесімді мерізім ішінде аяқтауды тапсырды.