“ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮЛЕУІНЕ АССАМБЛЕЯ АТСАЛЫСАДЫ…”

245

Түркістанның түлеуіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт айрықша көңіл бөлуде.   “Достық үйі” құрылысы салынуда.  Достықтың мекеніне айналған Түркістанның асқақтауына Қазақстан халқы Ассамблеясы атсалысады. Биыл пайдалануға берілетін “Достық үйі” аймақтағы этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға нықтап жұмыс істейтін болады”-деді

бүгін Түркістан облысына арнайы іс сапармен келген ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан. Түркістан өңіріндегі халық бірлігі, ынтымағы жолында жасалып жатқан игі істермен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов және Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов та жұмыс сапары барысында жақын танысып, әрдайым қолдау білдіретінін айтты.

Қазір, Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан «Достық үйінің» құрылыс жұмыстары Президент тапсырмасына сәйкес салынып жатыр.  4 қабатты ғимараттың құрылысы бүгінгі таңда қызу жүргізіліп жатыр. Аталған ғимарат биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр-деді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева.

 

Ерсұлтан Әмірбек

Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы