ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған сәбилерді бүгін үйлеріне шығарды. Оларға Айшах, Айлана, Айлуна есімдері берілді.
Үшемдердің анасы Ә.Әбдіқадіроваға мамандар кесір тілігін сәтті жасап шыққан. 35 аптада туған нәрестелер өкпесі дұрыс жетілмегендіктен, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 21 күн бойы дәрігерлер қадағалауында болған сәбилердің жағдайы жақсарып, қазір салмақ қосқан.
Айта кетейік, былтыр Шымкентте 31337 сәби дүниеге келді. Оның ішінде ұл бала — 16146, қыз бала — 15191.