ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

76

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлы тағайындалды.

Рзабек Балтабекұлы 1988 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — химикалық технология мен биотехнология.

2011-2014 жылдары Мәскеу қаласындағы мұнай компанияларында жауапты қызметтер атқарған.

ҚР Энергетика министрлігінде басқарма басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. Ал 14.11.2023 жылдан бүгінге дейін «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры қызметін атқарып келді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі