«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

83

Жергілікті халқының табысын арттырып, күнкөрісін жақсартуға бағытталған маңызды істер «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Осылайша, өңір тұрғындары 2,5 пайызбен несие алу арқылы өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік ашылып отыр. Бұл, әрине, шаруа ісінің шырайын келтіретін, жұмыссыз жастарды алға қарай демейтін жақсы бастаманың бірі.

Шаруаларды жеңілдетілген несиемен қамту жұмыстары Сауран ауданында белсенді жүргізілуде. Соның бірі — Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекені. Жобаға қызығушылығын білдірген ағайынды Ерсұлтан мен Шынболат Хайрулла 27,6 млн. теңгеге жеңілдетілген несиемен ауыл шарушылық техникасын, яғни 2 дана трактор алып, ісін бастағалы жатқан жас кәсіпкерлер.

Жас кәсіпкерлердің айтуынша, ең бірінші кезекте, қаражатқа өтініш берер алдында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша курстан өткен. «AMANAT» партиясы мен «Халық банкінен» сертификаттар беріліп, 2023 жылдың мамыр айында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шілдеде несие алуға рұқсат берілген.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Сапа-СПК» ауылшаруашылық кооперативінің негізін қалаушылар 27,6 млн. теңгеге жеңілдетілген несиемен 2 трактор алған. Кәсібтерін бастау үшін 200 гектар жердің 50 гектарына қауын, қарбыз егуді, 6 гектар жерін суармалы жерге, оның 30 соттық жерін мал бордақылау алаңына айналдыруды, 1 гектар жерін балық шаруашылығын дамытуды қолға алып отыр.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі