АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ЕРЛІКТЕРІҢІЗ МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ ЖӘНЕ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ”

168

Бүгін орталық саябақтағы “Даңқ” мемориялының алдында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ғалымжан Қуашбаев, аудан прокуроры, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, ауған соғысының ардагерлері, зиялы қауым, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әскери бөлімнің қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шарада орталық “Даңқ” мемориялының жанынан Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды және ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы сөз сөйлеп, он жылға созылған соғысқа ауданнан 90-нан астам азаматтың аттанғанын, жау қолынан 4 ордабасылық жауынгердің қаза тапқанын және қазіргі таңда ауданда 73 ардагердің өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, аудан басшысы Ауған соғысы ардагерлеріне қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктеріне алғысын айтып, ерлікті ұлықтау елдің ісі, азаматтық борыш екенін жеткізді.

Шара соңында интернационалист жауынгерлерге дастархан жайылып,

ән-жырдан шашу шашылды. Сондай-ақ аудан әкімі Азат Оралбаев бірқатар ардагерге айтулы датаға орай шығарылған арнайы медальдарды табыс етті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі