ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

216

Аудан әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер табиғи газ, жол, жайылым жер, канал және т.б. бойынша өтініштерін білдіріп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келген әр азаматты тыңдаған аудан әкімі айтылған өтініштердің барлығына заң талаптарына сай нақты, толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр айдың бейсенбі күні өткізіледі.