“ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭТНОСТАРЫ ҚУАНА ДА, ҚУАНТА ДА БІЛЕДІ…”

128

Расында Түркістан облысының этностары қуана да, қуанта да біледі. Былтыр күзде олар Президент тапсырмасымен Түркістанда облыстық “Достық үйі” ғимараты салына бастағанда қатты қуанған еді. Енді міне, Түркістан облысы ҚХА мүшелері жаппай жиылып, “Достық үйінің” құрылысын жүргізгіп жатқан барша құрылысшыларды қуантып отыр. Дастархан жайып, дәм ұсынды. Қариялар батасын берді. Этномәдени бірлестік өкілдері құрылыс компаниясының жетекшісіне шапан жапты. Ізетке риза болған құрылысшылар ғимарат құрылысын күз айында сапалы аяқтайтынын айтып, уәде етті. “Бір шаңырақ астында тату-тәтті тіршілік кешкен Түркістан халқының достық туы зәулім “Достық үйінде” желбірейтін күн алыс емес. Құрылысшыларға мың рахмет”- деді Түркістан облысы Қоғамдық Даму Басқармасы басшысы Ерлан Кузембаев. Құрылысшыларға барлық этномәдени бірлестік өкілдері бас иіп, рахмет айтты. ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов Түркістан облысының этномәдени бірлестіктері өкілдерінің құрылысшыларға 1-наурыз Алғыс айту күні қарсаңында құрмет көрсеткені үшін шынайы ризалық білдіріп, аталық батасын берді. Әруақтарға құран оқылды. Ниет қабыл болсын!

Ерсұлтан Әмірбек
Түркістан облысы ҚХА журналистер мен блогерлер клубының төрағасы