ЕЛ БІРЛІГІ – БАСТЫ ТІРЕГІМІЗ

198

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен өзбек этномәдени орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директоры, аудандық мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев, өзбек этномәдени орталығының төрағасы Құрбанбай Рысбеков және 12 ауылдық округтердегі орталықтың өкілдері қатысты.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев өзбек этномәдени орталық өкілдерінің жұмыс жоспарларымен танысып, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарын тыңдады. Жиында өзбек этномәдени орталығының төрағасы Құрбанбай Рысбеков мәдени орталықтың 2024 жылы атқаратын жұмыстарын баяндап өтті.

Ел бірлігі — бәріміздің де басты мұратымыз. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулық — халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасы өркендеуінің басты кепілі. Қай заманда болмасын сан қилы кезеңдерді бастан өткерген еліміз қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Бірін бірі сабыр сақтауға шақырып, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп ынтымақ бірлігін бекіте түскен. Демек тындырымды тірліктің, дамудың да, бейбітшіліктің де бастауы бірлік екені сөзсіз.

Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес, ел бірілігі туралы кеңінен насихаттау туралы көпшілік тарапынан көптеген ұсыныс пікірлер тыңдалды. Айтылған мәселелер хаттамаға түсіріліп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жүргізетін болып келісілді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі