ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

136

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлар – «Е.С.А SEREL» компаниялар тобының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашу мәселесін талқылады. Бірегей жоба Мемлекет басшысының түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асуда.

Жылыту қазандықтары мен керамика және сантехника өнімдерін шығаратын компаниялар тобына 19 компания кіреді. Оның ішінде 14 зауыт жұмыс істейді. 3,5 мыңнан астам азамат қызмет етеді. Компания басшылығынң айтуынша, құрылтайшылар табысының тең жартысын қайырымдылыққа, қалған жартысын инвестицияға жұмсайды.

– Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Түркия – еліміздің маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы баршаға белгілі. Біздің басым бағыттарымыздың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Бұл ретте Түркі мемлекеттерінен де инвестиция тартудың маңызы зор. Осы бағытта барлық мүмкіндікті қарастырып, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін сеніммен айтқым келеді. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз,

– деді Дархан Сатыбалды.

1951 жылы құрылған ірі компанияның құрылтайшылары – Елгинкан әулеті. Компания қазандықтардың түр-түрін шығарады. Қабырғаға орнатылатын әрі сыйымдылығы жоғары қазандық түрлерінен басқа, оны жылыту және коммерциялық салқындату ерітінділерінің құрылғыларын, сифондар өндіру мен сатуды жүзеге асырады. Тауарлары әлемнің барлық елдеріне экспортталады.

Бүкіл әлем бойынша Түркия экономикасын көтеруге қосқан үлесі үшін «Superbrands Turkey 2012» сыйлығымен марапатталған.

Айта кетейік, Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі