ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

93

Күрделі операция Шымкент қалалық №2 ауруханасында өтті. Дәрігерлер бастың жиі ауруы, жоғары қан қысымы, құсу, құрысу, ентігу белгілерімен шағымданған 22 жасар науқасқа “галена венасының артериовенозды мальформациясы” диагнозын қойған.

Ангиография құрылғысының көмегімен күрделі операция сәтті жасалды. Ота барысында тамыр ішінде мальформация бітелді. Жоғары технологиялық медициналық қызмет түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалды. Пациенттің қазіргі жағдайы жақсы. Жақын күндері үйіне шығарылады.

Жалпы бұл өте сирек әрі қауіпті диагноз саналады. Статистика бойынша патологиямен ауырғандардың 90%-ы уақытылы ем қабылдамаса, өліммен аяқталады.

Әр клиентке жеке көңіл бөлу дәрігерлік көмектің барлық кезеңдерінде – кардиохирургиялық диагностика, нейрохирургиялық операция, операциядан кейінгі дербестендірілген бағдарламалау және нейрореабилитация кезінде де көрсетіледі.

Топтық жұмыс нейрохирургиялық күрделі мәселелерді шешуде, мысалы, қол жетпейтін ісіктер мен мидың күрделі аневризмалары, фармакорезистентті эпилепсия және Паркинсон ауруы сияқты ауруларды емдеуде барынша тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Миға және омыртқаға жасалатын операциялар кезінде пациенттің өзінің қосалқы ауруларына байланысты асқыну қаупі жоғары болуы мүмкін. Жедел дайындау, қауіпті бағалау және барлық мамандықтағы дәрігерлердің операция барысындағы қолдауы — біздің көпсалалы ауруханамыздың басты артықшылығы болып табылады.

Пациент, оның туыстары мен нейрохирургиялық топ дәрігерлерінің арасындағы өзара қарым-қатынас қазіргі қарқынды даму толқынында. Мысалы, операцияның алдында көрнекі және жақсы түсіну үшін нейрохирург арнайы компьютерлік қосымшалардың көмегімен процедураның ерекшеліктерін, мүмкін болатын асқынулар мен шешімдерді талқылай алады.

«Пациенттің мұқтаждығы бәрінен бұрын» деген қағиданы ұстану Аурухананың сервисін үнемі жаңа деңгейге көтереді, Аурухана Сіздің мұқтаждығыңызды дұрыс шешуге барлық күш-жігерін жұмсайды.