ТҮРКІСТАН: «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНДА СОЗАҚТА БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

91


Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде «Киелі мекен» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен ауылдың белсенді жастары Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің ауласын тазартуға жұмыла кірісті.
Тазалық акциясына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тарихи-мәдени ескерткіштің ауласына жүргізілген тазалық жұмыстарына қолдау білдіріп, осындай маңызды шараларды тұрақты түрде қоғам болып ұйымдастыру керектігін атап өтті.
Жиналған тұрғындар ауыл қарияларымен бірге кесене ауласына жеміс көшеттерін отырғызды. Қоршаулар мен онда келуші қонақтарға арналған аяқжолдарды және жарықшамдар мен арнайы орындықтарды қалыпқа келтірді. Сонымен қатар кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы арам шөптер мен қураған ағаш түптері кесілді. Кесене аумағында ұйымдастырылған акцияға 100-ден астам белсенді жас пен ауыл тұрғындары атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.