АРЫСТА «МҰҢЛЫҚ-ЗАРЛЫҚ» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
Арыстық жастар мен ауыл тұрғындары «Киелі мекен» апталығы аясында қаладағы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағына тазалық шараларын жүргізуде. Игі шарада «Мұңлық-Зарлық» кесенесінің аймағы мен «Қызыл көпір» ескерткішінің маңы күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, кесенелердің айналасында жер қопсыту жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Арыс қаласында мемлекет қорғауына алынған 90 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде «Мұңлық-Зарлық» кесенесі — жыр кейіпкерлері Мұңлық пен Зарлықтың жерленген жері болып есептеледі. Одан бөлек, «Қызыл көпір» тарихи ескерткіші — ХІХ ғасырдан бері сақталып келе жатқан көне мұра.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі