Шымкент: Басқарма басшылары есеп беруде

525

Шымкент қаласында биылғы жылы 113 құрылыс жобасы іске асырылуда. Мекеме қызметінің тиімділігін бағалау 8 мақсатты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Осы және қаладағы құрылыс саласы бойынша 6 айда атқарылған атқарылған жұмыстар мен басқарманың алдағы жоспарлары туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық құрылыс басқармасының басшысы есеп берді.

Есеп барысында басқарма тарапынан іске асырылып жатқан жобалар, білім, әлеуметтік сала құрылыстары бойынша қала әкіміне тыңғылықты есеп берілді. Басқарма басшысының есебін тыңдаған қала әкімі қаладағы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген нысандарды теңгерімге өткізу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауды ұстауды тапсырып, лифт шаруашылықтары тиісті талаптармен тексеруден өтіп, рұқсат қағаздары алынбайынша, көпқабатты тұрғын үйлер мемлекеттік қабылдаудан өткізілмеуі керек деп нақты айтты.

Есеп беру жиынын қорытындылаған қала әкімі М.Әйтенов келешекте Шымкент таза қала болуы керектігін назарға алып, қалада шаңы шығып жатқан жерлер болмауы керектігін тағы да ескертті. Ол үшін құрылыс алаңдарына кіріп-шығатын техникалардың лайдан түгелдей тазартылып отыруын міндеттеді.