ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ПРАКТИКА ЖҮРГІЗДІ

124

Түркістанда Республикалық емдеу орталығынан келген білікті мамандар облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарға практикалық кеңес өткізді.

Айта кетейік, тәжірибелі мамандар қатарында профессор Ерекешов Асылжан Әбубәкірұлы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас неонаталдық хирургі, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ клиникалық жұмыс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, Божбанбаева Нышангүл Сейітбекқызы, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «КЕАҚ неонатология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., Наурызалиева Шәмшагүл Төлепқызы, сондай-ақ бірқатар білікті дәрігерлер білімімен бөлісіп, консультациялық-практикалық көмек көрсетті.

Оған қоса ғылыми орталықтың дәрігерлері консультативтік-диагностикалық емханада ауданнан келген науқастарға консилиум жасап, жаңа туған нәрестеге ота жасау барысында тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге түркістандық хирург мамандарына лекция оқып, дәріс жүргізді.