«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

91

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан «Киелі мекен» апталығында Түркістан қаласындағы киелі тарихи орындарда тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін орталықтағы Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің аумағы қоқыстардан тазартылып, көгалды аумағына күтім жасалды. Келушілерге арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері боялып, тазаланды.

Іс-шараға атсалысқан тұрғындар экоакцияның тазалық мәдениетін қалыптастыруда тәрбиелік мәні зор екенін жеткізіп, түркістандықтарды акцияға үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін апталық басталғалы Ясауи кесенесі аумағы тазаланып, 62 мыңнан астам гүл егілді. Сонымен қатар шаһардағы мәдениет ошақтары да өз аумақтарында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызды.