ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

154

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясының аясында «Таза өлке» апталығы өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған республикалық шараға табиғат жанашырлары да атсалысты.

Олбыс көлемінде қарқынды атқарылып жатқан тазалық шарасына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері қатысып, аудан, қаладағы орман алқаптары мен табиғи саябақтардың аумақтарын тазалады.

Экоакция аясындағы сенбілікке 400-ден аса адам белсенділік танытып, 400 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ, 1500 метр арық-атыздар тазаланды. Тазалық жұмыстары барысында 10 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек 700 түп ағаш түптері әктелді.