ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

1062

Оңтүстік өлкесінде ғана емес, дүйім Республикаға өнегелі өмірімен өнеге қалдырған жанның бірі де, бірегейі
Әбдіхайым Әбдіханов еді. Ол, 1939 жылы 9 мамырда ауданымыздың Қараүңгір (Мақталы) ауылында дүниеге келді. 15 жасынан трактор,комбайн айдады. 1957 ж. Мақталы көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырып, аудан, кейін облыс көлеміне таныла бастады. 1963 ж. драма үйірмесін үйымдастырып, алғаш сахнаға Қ.Мұхамеджановтың “Құдағи келді”, М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” т.б. спектакльдерін шығарып,көрермендердің ықыласына бөленді. 1965 ж. Мақталы ауылдық клубына меңгеруші болып тағайындалды. 1969 ж. С.Жүнісовтің “Ажар мен Ажал” спектаклін дайындап, облыстық драма үйірмелері ішінен 1-орынды иеленіп, Республикалық фестивальға жолдама алды.
1970 ж. 21 қаңтар күні осы фестивальға қатысып Мақталы “Халық театры” деген атақ пен 1-дәрежелі дипломды жеңіп алды. Содан бері әкеміз осы театрдың режиссері болып қызмет атқарып келді. 70-80-нен астам спектаклді сахнаға шығарды. Атап айтсақ: “Еңлік-Кебек”, “Бозтөбеде бір қыз бар”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Беу қыздар-ай”, “Қабаған ит”, ‘‘Адасқан таз”, “Қаракөз қарындас”,“Бөлтірік бөрік астында”, “Аякөз ару”,“Қаракөз”, “Әке тағдыры”, “Біздің үйдің жұлдыздары”, “Сөнбеген шоқ”, “Сталинге хат”, “Күйеу”, “Б.Момышұлы” т.б. спектакльдерді және театр жанынан “Жастық әуендері” атты эстрадалық ансамбль, ұлт аспаптар ансамблі, “Тамаша” ойын-сауық отауын көрермендерге қойып, жергілікті жерде, облыстық, қала берді Республикалық, одақ көлеміне таралып, газет-журналдарда жарияланып жатты. “Біз туралы жазады” атты үш альбомда 1000-нан астам қиындылар жапсырылған.
Қазақ Совет энциклопедиясының 6-шы томындағы 445 бетте “Ажар мен Ажал” спектаклінен көрініс беріліп, “Мақталы” халық театрының әртістері бейнеленген. 1980 жылы “Қаракөз” 1990 ж. “Сөнбеген шоқ”, “Сталинге хат” спектакльдері қазақ теледидарында көрсетіледі.
Мақталы халық театры атына берілген дипломдар мен грамоталардың саны 100-ден астам. Соның ішінде облыстық атқару комитеті партия комитеті, кәсіподақ одағы грамота дипломдарынан басқа, Қазақ ССР Мәдениет Министрі 1996 жылы, Қазақ ССР Министрлер Советі, Жогарғы Советі Президиумы, Орталық Комитеті ескерткіш значогімен (1970 ж.) КСРО Мәдениет Министрі грамота, дипломдармен (1970 ж.), КСРО Жоғарғы Советі Президиумының мерекелік медалімен (1970 ж.) марапатталды. І-ші фестиваль ұйымдастырушысы Бүкілодақтық (1975-1977 ж.ж.) және ІІ-ші фестиваль ұйымдастырушы (1987 ж.) Бүкілодақтық ұйымдастыру алқасының І-дәрежелі дипломымен марапатталған. Бүкілодақтық жазушылар одағының дипломын алды.
Әкеміз Әбдіхайым Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері атағына ұсынылған. Түлкібас ауданының “Құрметті азаматы” еді. Түлкібастың “Қыдыр атасы”, “Сталині”, Б.Момышұлысы болған әкеміз 2 дипломның иесі болатын. 1963-1968 ж.ж. Ванновка ауылшаруашылық техникумының ауылшаруашылығы механигі, 1973-1978 ж.ж. Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының
режиссура бөлімдерін бітірген.
Анамыз Үміткүл Әбдіханова 1945 жылы 25 тамызда ауданымыздың Қараүңгір (Мақталы) ауылында дүниеге келді. Екеуі 51 жыл отандасып 11 үл-қызды дүниеге әкелді. Осыншама баланы тәрбиелеп өсіре жүріп, өнерден қол үзген емес. Бәрімізге мамандық әперді. Біріміз дәрігер болсақ, енді біріміз тігінші, аспазшы, компьютерші, заңгер, сазгер, өнерпаздармыз. “Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер” дегендей балаларының 10-ы шаңырақ көтеріп, 30 немере , 13 шөбере сүйгізді. Республикаға аты әйгілі анамыз әнші, биші, актриса еді. Құрметті демалысқа шыққанша Мақталы клубында меңгеруші болып қызмет етті. Театрда басты рольдерде ойнап, көрермендер сүйіспеншілігіне бөленген жан болатын. Биыл театрға 52 жыл, ал әке-шешемізге 62 жыл болар еді. Бұл жалған дүниеден қайтқандарына 10 жылдың төңірегі болыпты. Ұл-қыздары, жақындары, бауырлары, құда-жегжаттары сағынышпен еске алады. Еске алу кеші Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Махталы ауылындағы Мәдениет үйінде Басталуы: 10.00 де және Асы Састөбе ауылында “Жеті қазына” тойханасында сағ. 13.00 де өтеді-дейді асқа шақырушы Әділхановтар әулеті