АНАСЫН АРДАҚТАҒАН АУДАН

701

Ананы ардақтаудан асқан бақыт бар ма?.. Кім қалай құрметтесе де ықтияр өзінде. Мәселе, тек материалдық өлшеммен ғана өлшенбесе керекті. Ең бастысы анаға деген ыстық ықылас пен мейірім шуақ болса жеткілікті. Осы тұрғыда Ордабасы ауданы әкімдігі оңиайоы істің орайын табуда. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың ұйымдастыруымен киелі Арыстанбаб және Қожа Ахмет Яссауй бабалардың басына ауыл округі әйелдер және әжелер кеңестерінің төрайымдары, қоғамдық ұйым жетекшілері, көп балалы аналар зиярат етіп, түрленген Түркістан қаласының көрікті жерлерін аралады. Ауылдағы аналар жаз айында жадырап, серуен құрып бір жасап қалды. Кей аймақтың кемпірлері Астанада “аттандап” жүрсе, Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын ақжаулықты аналар ақжүрекпен киелі мекенде шүкіршілік жасап, бүгінгі тіршілікке тәубе етіп, елге амандық тілеп жүргенін көріп көңіл қуанады. Мінеки, Президент айтып жүрген Қоғамдық келісімнің шынайы үлгісін Сізге алыстан іздеп керегі жоқ, ананы құрметтеудің асқақ үлгісін Түркістан облысы, Ордабасы ауданынан үйренуге болады.
“ARA-ақпарат”