«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА САУРАНДЫҚТАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА
Бүгін елімізде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.
Науқан 5 аптаға созылып, әр аптаға өзіндік мән-маңызын айшықтайтын тақырып қойылған.
Мемлекет басшыс Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы азаматтар арасында, оның ішінде зиялы қауым өкілдері, өзбек этномәдени бірлестігі мен өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері арасында кеңірек қолдауға ие болды және оған біздің аудан тұрғындары белсене қатысуда.
Осы орайда «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында аудан көлемінде тазалық шарасы өтті. Ауданда тазалық аптасы ұдайы жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар бүгін де сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Қызу тазалық жұмыстарына 12 ауыл округтегі барлық мекемеден 200-ге жуық қызметкер бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген аумақтарға, көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауылдың кіре беріс аймағынан, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасынан 31 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Оған 4 техника жұмылдырылды.
Тазалық шарасында елді мекендерде жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. Ескірген қоршауларды қайта сырлау жұмыстары да жүргізілді. Акция аясында сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде елді мекендерді, мәдени-тарихи орындарды, сондай-ақ су айдындары мен өзендердің аумақтарын санитарлық тазарту бойынша көптеген іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Табиғатты тазарту мен күтуге, жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсетуге ерекше назар аударылады. Еріктілер қазірдің өзінде үйлер мен ауданды тазарту және тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын бастады.
Міртемір Махмудов,
Аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі