«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ӘРКІМНІҢ АУЛАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.
Осы орайда, бүгін Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Арыс өзенінің бойы, орталық көшелердің бойы мен «Темір баба» кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға елдімекен тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, облыстық ҚХА жанындағы Ассамблея мүшелері және жастар қатысты.
Жалпы саны 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында Арыс өзенінің бойы ретсіз күл-қоқыстан тазартылып, 3 шақырым арық-атыз тазартылды.
Сондай-ақ, санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардың қызу қолдауымен қарқынды өткен тазалық акциясында жалпы саны 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
«Таза Қазақстан» әркімнің өз ауласынан басталуы керек!
Рамилия Мустафаева,
Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі