АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

130

Бүгін Сайрам ауданында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті.

Алқалы басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ, аудандық, қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшелері қатысты.

Жиында басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Маратұлы Ақсақалдар кеңесінің қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мен өңірдің әлеуетін арттыруда ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.

Сондай-ақ жиында сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын тілге тиек етті.

— Біз, қариялар, халықтың арасында жиі боламыз. Тұрғындардың талап-тілегін, ұсынысын тыңдаймыз. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сай, биыл жыл басында «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында өңіріміздің аудан, қалаларында кездесулер өткіздік. Әсіресе, «Серпін», «Еңбек», «Ауыл аманаты» бағдарламаларына халықтың ынта-ықыласы жоғары. Бұл орайда, Ақсақалдар кеңесі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды одан әрі жандандырып, атсалыса бермек, — деді Созақбай Исаұлы.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында Аймақтарды көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселелері туралы Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев, ал көктемгі егін егу маусымына дайындық мәселелері туралы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов баяндама жасады.

Отырыс барысында ақсақалдар тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша сұрақтар қойылып, түрлі ұсыныстар айтылды. Бұл орайда, басқарма өкілдері туындаған мәселелерді бірлесе отырып шешуге дайын екендіктерін жеткізді.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі