АССАМБЛЕЯ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫСЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ ZOOM-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

47

Бүгін «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тіліне айналуы әлеуетін арттыру бағытында Ассамблея аясында атқарылатын жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу және мәселелерді талқылау, ой бөлісу, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету саласындағы ІТ-жобалармен таныстыру.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуді көздеген жиынға еліміздегі «Қоғамдық келісім» КММ басшылары, орынбасарлары, тіл жобаларына жауапты қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің және Достық үйлері жанындағы мемлекеттік тілді үйретуші жобалардың жетекшілері, ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және т.б. тіл жанашырлары қатысты.

Аталған жиынға Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов, мекеме қызметкерлері, облыстық ҚХА жанындағы құрылым өкілдері, «Ассамблея жастары» мүшелері, өңірдегі Тіл орталықтарының басшылары қатысты.

Жиында сөз алған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мемлекеттік тіл қоғамдағы келісім мен бірліктің негізі екенін ерекше атап өтті.

Маңызды жиында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, қолданыс аясын кеңейту мәселесі жан-жақты талқыланды. Жиынға қатысушылар келелі ой-пікірлерімен бөлісіп, сауалдарына тұшымды жауап алды.